AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керосин құйып өртеген: Рудныйда зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

Рудныйда денесі күйген үш жасар бала жансақтау бөлімінен шықты. Көршісі бала мен оның анасына мас күйде керосин құйып, өртеп жібергеннен кейін бүлдіршін денесінің 40 пайызын күйік шалды. Бұл туралы 6 сәуірде денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

astanatv.kz

“Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дүйсенбі күні баланың қолына, кеуде аймағына және арқасының бір бөлігіне пластикалық ота жасалды”, – деді Ксения Жилкибаева.

Бала анасымен бірге ауруханада жатыр.

Еске салайық, оқиға 16 наурызда болған. Жантүршігерлік оқиға кеншілер қаласының іргесіндегі станцияда болған. Көршілер жанжалдасып, 44 жастағы тұрғын келіншекке керосин шашып, шырпы тұтатқан. Оның денесінің 45 пайызын күйік шалған. Күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша полиция "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Кісі өлтіруге оқталған көрші енді 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр