Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Керемет тарту": Польшада ер адам қазақстандық әйелі үшін ауласына киіз үй орнатқан

Польшада ер адам қазақстандық әйелі үшін ауласына киіз үй орнатқанФото: Видеодан скриншот

Польшада ер адам әйелі үшін киіз үй алып, тігіп қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам киіз үйді үйді қарапайым үйге ұқсатып орналастырып қойған. Мәселен үйдің кіреберісінде демалуға және тамақтануға арналған орын бар. Оған қоса, шомылу үшін бассейн де орналастырылған.

Ол әйелінің туған елінен алыста жүрсе де, өз мәдениетінің жылуын сезінетін, туған дәстүрді еске салатын бір бұрышы болғанын қалаған.

“Менің әйелім қазақстандық, сондықтан киіз үй сатып алдым. Әйелім өте бақытты”, – дейді ол видеода.

Киіз үй екі қабаттан тұрады, екі қабатта да төсек бар. Барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген. Ең қызығы – киіз үйдің шағырағы ашылады.

Қазақстандық жарын таңғалдырғысы келген ер адамның әрекеті желі қолданушылырын тәнті етті. 

“Тамаша, сүйікті жар екен. Қазақ халқының ата-бабадан қалған шаңырағын, отбасылық ошақты бейнелейтін киіз үйді сыйлапты – керемет тарту! Махаббаттарыңыз баянды болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер!”, “Бір сөзбен айтқанда – жігіттің төресі”, “Жұрттың күйеуі” номинациясы сізге беріледі”, “Әйелдің, тіпті, Қазақстанда киіз үйі болмаған шығар”, “Күйеу бала, жарайсың”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданғаны хабарланған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 14:51