“Керемет қарсы алды”: “Реал Мадрид” ойыншысы қазақстандық жанкүйерлері туралы пікір білдірді

"Реал Мадрид" ойыншысы Феде Вальверде "Қайратпен" ойын алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кеше Алматы әуежайына қонған мадридтік клуб ойыншыларын мындаған жанкүйер күтіп алған еді.
Жанкүйерлер футболшыларды әуежайда да, кейін қонақүйде де қарсы алды, "Реал" ойыншысының айтуынша, футболшылар үшін бұл өте жағымды құбылыс болған.
"Реал Мадрид" командасы Алматыдағы қонақүйді түгел жалға алған
"Қайрат" бапкері: "Реалдың" да әлсіз тұстары бар, біз жеңілу үшін шықпаймыз"
"Бізді керемет қарсы алды, жанкүйерлеріміздің саны өте көп болды. Бұл – өте жағымды жағдай. "Реал" деңгейіндегі команда келгенде мұндай жағдайдың болуы қалыпты нәрсе. Кеш болса да, осыншама жанкүйер келгенін көру қуантады. Испаниядан алыс болсақ та, мұнда "Реалдың" жанкүйерлері өте көп екен. Футболдағы ең әдемі құбылыстардың бірі – алыс елге келгенде сені осылайша ыстық ықыласпен қарсы алуы", – деді Вальверде баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, бұған дейін мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо "Қайратқа" қарсы ойынға дайындаған жоспарын бөліскен еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"