Соңғы жаңалықтар

"Керемет әнші": Димаш Зарина Алтынбаеваны қолдады

Әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген өнердегі әріптесі, әнші Зарина Алтынбаеваға қолдау білдірді. Әншіні жаңа бейнебаянымен құттықтап, тілектес екенін жеткізді. 

"Керемет әнші Зарина Алтынбаеваны "Құсни Қорлан" атты жаңа бейнебаянының тұсау кесерімен құттықтаймын. Бұл керемет әншінің керемет бейнебаяны", - деп жазды Димаш желіде.

Желідегі оқырмандары Зарина мен Димашқа тілектестік білдірді. Жаңа бейнебаянның шығуымен құттықтап, өз бағасын беріп жатыр. 

"Өте керемет шыққан, терең мағыналы", "Димаш сондай қарапайым, оның қолдауының өзі адамға күш береді, соңынан ергендерге демеу болады", "Димаш, саған рахмет, Зарина керемет әнші", "Татулық, өнердегі баланс деп осыны айт", - деп жазды олар. 

Зарина Алтынбекова 1985 жылы Өзбекстанда өмірге келген. Тұрмыс құрған. Томирис есімді қызы бар. 

Ол сұлулық байқауында жеңіске жетіп, «Мисс BOSH» атағын жеңіп алды. Сыйлық ретінде ол 7500 доллар көлемінде тұрмыстық техниканы алды. 

Жас кезінде ол мәнерлеп сырғанаумен айналысқан, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр