Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Керек» cөзін дұрыс қолданып жүрміз бе?

Кейбір қателер сөйлеуде болсын, жазуда болсын жиі жіберіледі. Ондай қателерді естігінде құлағыңа түрпідей тиетіні рас. Ал біздің мақсатымыз – сауатты қоғам қалыптастыру. Бүгін «керек» модаль сөзіне талдау жасаймыз.

«Біз бүгін дүкенге бару керекпіз. Мен ән айту керекпін. Сен билеу керексің» деген сөйлемдерді жиі естіп немесе көріп жүрген шығарсыз?

Бұл жердегі керекпіз, керекпін, керексің дегендердің барлығы – қате. Дұрысы – «баруымыз керек, айтуым керек, билеуің керек» деген нұсқа.  

«Керек» модаль сөзі жіктелмейді, яғни сөйлемде көмекші сөздің қызметін атқарғанда керек + -пін,-сің,-сіз,-піз,-сіңдер,-сіздер деген жіктік жалғаулары жалғанбайды.

Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау
Пікір
Bibinur
13 Қар, 23 жыл - 23:31

«Керек», «қажет» сөздерінің алдында етістіктен басқа сөз табы тұрған жағдайда ғана (барыс септігінде) жіктік жалғауын  қабылдайды.  Мысалы; біз қоғамға керекпіз, сен маған керексің, ауылға мәдениет үйі керек.   Бұл ереже дұрыс па?