"Керек болса, зорламай-ақ келетін жағдайым бар": Жанқош Тұраров қыз зорлады деген айыпқа жауап берді
Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде Жанқош Тұраровтың 1996 жылғы қызды зорлады деп күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын. Спортшының сөзінше, оған жала жабылды.
“3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайы бар. Қайдан шыққан жала екенін түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтайтын боламын”, – деді Тұраров.
Бұған дейін Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені айтылды. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді