Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді вейп шеккендерді көшеде тоқтата ма – Министр жауап берді

Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Журналистер ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар қалай анықталатынын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: oek-adm.ru

Өз сөзінде министр барлығы заң жүзінде болатынын айтты. 

"Заң негізінде жедел жұмыс атқарылады. Барлық тетік бар", – деді Ержан Сәденов мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар тілшілер "қазақстандықтарды көшеде тоқтатып, олардан вейпті қайдан алғаны сұрала ма" деген сұрағына министр қысқа қайырып жауап берді. 

"Керек адамды табамыз", – деді ол.



Бұған дейін Respubliсa партиясы үкіметтің вейптерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. 

Партия мәліметінше ведомствоаралық комиссия вейптерге, сұйықтықтарға және олар үшін хош иістендіргіштерге толығымен тыйым салу туралы шешімге келген. 

“Еске сала кетейік, 2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің премьер-министріне депутаттық сауал жолдаған. Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген”, – делінген хабарламада. 

Депутаттың сөзінше, комиссия мүшелерінің барлығы дерлік (12, қарсы 2) бұл шешімді қолдаған. 

Жақында мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіп бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. 

Талқылау