Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк кепілдіктері кімге қажет?

Кәсіпкерлер үшін күнтізбелік жылдың аяқталуы – бұл жылдық келісімшарттардың жабылуы дегенді білдіреді. Осыдан кейін жаңа тендер маусымы басталады. Ал конкурстық сатып алуға сәтті қатысу үшін не істеу қажет? Біріншіден, тапсырыс берушіге сіздің бизнесіңізге сенуге болатындығын дәлелдеуіңіз керек. Ол үшін банктік кепілдіктер бар. 

кредит

Банк кепілдігі дегеніміз – банктің клиентке үшінші тарап алдындағы міндеттемелерін орындауына кепілдік беретін шарттарды қамтамасыз ету нысаны. Әдетте, банктік кепілдікке деген қажеттілік контрагенттердің бір-бірінің төлем қабілеттерін жеткілікті деңгейде білмеген кезінде пайда болады. Осылайша олар келісімдері бойынша өз тәуекелдерін шектегісі келеді. Міндеттемелерді кепілдендіру үрдісі Қазақстан заңнамасымен реттеледі. 

“Банк кепілдіктері –  бұл біздің кәсіпкер клиенттеріміз арасында несие бергеннен кейінгі қолданылатын екінші ең танымал өнім. Кепілдік бермес бұрын, біздің банк клиенттің бизнесіне қаржылық талдау жүргізеді және ол үшін ВТБ халықаралық тобының технологияларын қолданады. Талдау барысында банк қызметкері қажетті кеңестер береді. Бұл жағдайға әділ баға беріп, басқарушылық есептіліктің дұрыс нысандарын жасауға көмектеседі”, – дейді корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры - ВТБ Банк (Қазақстан) Басқармасының мүшесі Арчил Усанеташвили. 

ВТБ-ның несиелік технологиялары несие қабілеттілігін бағалауға және қысқа мерзімде банктік кепілдік беру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

ВТБ (Қазақстан) банкі банк кепілдіктерінің бірнеше түрін ұсынады. Олардың ішінде ең көп сұранысқа ие: тендерлік кепілдік, аванстық төлемді қайтару кепілдігі және келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі бар. Бұл өнімдерді заңды тұлға ретінде тіркелмей жұмысын жүргізіп жүрген жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ шағын бизнес өкілдері пайдалана алады. 

Берілетін кепілдік сомасы клиент қажеттілігін ескере отырып және оның қаржылық жағдайына анализ жасау арқылы айқындалады. Кепілдік мерзімі операциялар жүргізетін тендерлік құжаттаманың талаптарына немесе келісімнің шарттарына байланысты белгіленеді.  

“Егер клиент Қазақстан Республикасының азаматы болса, оған кепілдіктер ұлттық валюта – теңгемен ғана беріледі. Ал ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға еліміздің валюталық заңнамасы сақталған жағдайда ұлттық немесе шетелдік валютада, атап айтсақ, АҚШ долларында, еурода, Ресей рублінде және басқа валютада беріледі”, - дейді Арчил Усанеташвили.

ВТБ кепілдігін шығару үшін банк бөлімшелеріне бармай-ақ, банк сайтындағы сілтеме бойынша өтініш беруге болады. 

03.02.2020 ж. №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр