Кенжеғұл Сейітжан халықтың әлеуметтік осал топтары жөніндегі уәкілі болып тағайындалды
Мәжіліс депутаты, параспортшы Кенжеғұл Сейітжан жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Парламент мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Кенжеғұл Сейітжан енді әлсіз топтардың құқығын қорғайды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан президент жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
"Қазақстан халық партиясы" фракциясының мүшесі Кенжеғұл Сейітжан альпинизм бойынша әлем чемпионатына қатысқан, "Голбол" параолимпиадалық спорт түрінен екі рет Қазақстан чемпионы атанған. Сонымен қатар ол паравелоспортшы ретінде танымал.
Депутат 2021 жылы паравелоспорттан еліміздің чемпионы атанды. Ол осыған дейін "Қазақстан паравелоспорт федерациясы" РҚБ президенті қызметін атқарып келді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”