Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентау қаласының бұрынғы әкімі тергеу изоляторында отыр

Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов тергеу изоляторында отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

рашид аюпов

Рашид Аюповтың 2022 жылы 17 қазаннан бастап Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас қауіпсіздік мекемесінде (ЖҚҚ) жалпы негіздерде ұсталғаны расталды.

"Тергеу изоляторларында қамауда отырған адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқықтары мен міндеттері бар, сондай-ақ мекеме кітапханасынан кітап алуға, адвокаттармен, қоғамдық қорғаушылармен және туыстарымен кездесуге мүмкіндігі бар", – деп атап өтті ІІМ.

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентауда дүниеге келген. 2022 жылы 11 наурызда Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Осы лауазымға дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.

Аюпов әкім болып тағайындалғанға дейін 2022 жылдың 25 ақпанында Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 98 500 доллар пара алды деп күдіктелді.

Талқылау