Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенталдың романтикаға толы бейнебаяны тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)

Әнші Кентал көптен бері уәде еткен бейнебаянының тұсауын кесті. “Жарым” деп аталатын туындыда өзі әлі күнге дейін үйленбесе де әнші ер адамның жұбайына деген махаббатын көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_31

Әнші Кенталды (Талғат Кенжебұлатов) жұрт “SuperStar” жобасынан біледі. Шоу-бизнес әлеміне музыкалық жоба арқылы қадам басқан әнші кейіннен “Аман бол, халқым” әні арқылы таныла түсті. Одан кейін де түрлі әндер жазып, тыңдарманына ұсынды. Олардың бірі тыңдармандардың жүрегіне жетсе, ендігісі қатал сынға ұшырады.

Кенталдың Сандамен бірігіп орындаған “Прости, мне очень жаль” әні жұлдызды дуэтке мол табыс алып келді. Махаббат хикаясы Кенталдың тыңдармандар санын арттыра түскендей көрінді.

Ал әншінің өзі махаббатқа толы бағытты ұнатып қалған секілді. Сандамен бірге таспалаған бейнебаянында Кентал бақытсыз жанның күйін кешкен болатын. Бұл жолы ол сүйгенін алып, одан сәби сүйген бақытты азаматтың рөлін сомдайды.

Айтпақшы, бір сөзінде Кентал әке болуға асығып жүргенін айтып қалған еді. Ал мына бейнебаяны тіптен бойдақ жігіттің отбасылық бақытты аңсап жүргенін дәлелдей түскендей. Ендеше бейнеклиптегі хикаяның тез арада шындыққа айналуына тілектес болайық!

Жіберіп алмаңыз:

КешYOU-лік Ақбота өмірлік жар ретінде кімді таңдап алды? (фото)

Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Менің суретіммен арықтау туралы жарнамалайтындардың бәрі алаяқтар

Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес

Талқылау