Кентал жұбайына ән арнады (видео)
Әнші Кентал күйеуінің әйеліне деген махаббатын жеткізетін ән жаздырды. Әнші “Жарым” атты әнге бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Махаббат тақырыбын қозғағанды ұнататын өнерпаз кезекті туындысын жарыққа шығармақ. Естеріңізде болса, жуырда ғана әншінің кастинг жариялап, жаңа туындыда өзінің әйелі мен сәбиінің рөлін сомдайтын актрисаларға іздеу салғанын жазған болатынбыз. Демек жоғарыдағы кадрдағы әншінің “отбасы” кастингтің нәтижесінде жасақталған болуы әбден мүмкін.
Мұны көрген тыңдармандары әншінің жеке өміріне қатысты сұрақтарды “жаудырды”. Көпшілік Кенталдың отбасылы екеніне сеніп қалды.
“Қандай әдемі отбасы. Бақытты болыңыздар”, “Кентал, сізге лайықты жан. Бет-әлпеті айтып тұр”, “Сізді үйленбеген десем”, “Сәби де өзіңізге ұқсайды екен”, – деп пікір білдірді Кенталдың желідегі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Мөлдір Әуелбекова перзентханадан шықты (фото)
Бүркіт пен Айша Болат Назарбаевпен бірге тамақтанды
Мақпал Исабекова бейәдеп қылығымен шошытты
Ақын Баянға өлең арнады: Сен жалғыз әйел емессің, байының жеген таяғын