Кентал: Туған күнімді тойлағым келмейді. Ол ажалды жақындастырады (фото)
Кентал 30 жасқа толды. Негізі əнші жаңа жасқа 25 наурыз күні толған.
Алайда, Шымкентте гастрольдік сапармен жүргендіктен атамапты. Сондықтан достары кеше оған тосын сый əзірлеп ақ дастарханды өздері жайған, деп жазды туған күнге барған Stan.kz тілшісі.
“Мен туған күн тойлағым келмейді. Ол ажалды жақындастырады. Менің əр күнім туған күн”,- дейді Кентал.
Ал, туған күн кешінде продюсер Ерік Тастембеков, Серік Гамза секілді əншілер болды. Караокеде əн шырқағанәншілер әріптестерінің көңілін көтеріп, оған қуанышты көңіл-күй сыйлауға тырысты. Ерік Тастембеков Кенталдың отыз жасына өзінің “Тұмар” бренд сағатының жаңа үлгісін сыйға тартты. Кешке кештеу Луина, Мақпал Исабекова, Дильназ Ахмадиева сынды əншілер қосылды.
Оқи отырыңыз:
Жігер Ауыпбаев: Топта орным жоғын түсінген соң кеттім
Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)
Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)
Димаш Қытайлық “Грэмми” сыйлығына үміткер атанды
Димаштың “Ұмытылмас күн” әнін орындаған сәті жарияланды (видео)