Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал туған күнінде достарына болашақ жарын таныстырды (фото, видео)

Кентал өзінің туған күнінде жұртқа сүйіктісін таныстырып, оның өз өмірінде қандай орын алатынын айтып берді.

амак

Бұл туралы «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

Бүкіл әлемді бірлікте болуға шақырған Кентал 30 жасқа толды. Орда бұзар жасқа толған әнші әзірге жеке ордасын құрып үлгермеді. Сол себепті халық оны жас қыздардың бәріне қосып шықты. Бастапқыда Сандаға қосқан болатын. Артынша әншінің орнын Луина алмастырды.  «Халық айтып, жаза береді. Луинаны туған қарындасымдай жақсы көремін. Луинаның өз жігіті бар. Сол жігітімен жақсы араласамыз», – дейді әншінің өзі.

Мұнымен қатар, әнші достарына алғаш рет өзінің сүйіктісін таныстырған екен. Видеодан бойжеткеннің басқа ұлт өкілі екенін байқауға болады. «Әр түнімнің жарығы, жұлдызды аспанымның айы» деп сипаттады ол сүйіктісін. Әзірге тойдың қай уақытқа жоспарланғаны белгісіз. Десе де, әріптестері оған кеш болмай тұрып шаңырақ көтеруге кеңес берді.

Әнші 30 жасқа толған мерей тойын да жасағысы келмепті. Десе де, өнердегі достары ортадан ақша шығарып, оның туған күніне қажетті барлық қаражатты көтерген.  “Бүгін керемет кеш өтіп жатыр. Сүйікті әншім, өнердегі бауырым Кентал 30 жасқа толып отыр. Ол өте қарапайым. Ең бастысы, тыңдармандарына ерекше әсер сыйлайтын әнші. Бұл артық айтқаным емес. Мен Кенталды қатты сыйлаймын, құрметтеймін”, – дейді Ерік Тәстембеков.

Әнші сол күні гәстрөлдік сапардан шаршап келгендіктен, көңілсіз болып жүрген.  “Мен негізі туған күн жасағанды ұнатпаймын. Жаңа жылға да аса мән бермеймін. Бірақ достарым отызға толып жатқанымды ескеріп, осындай тосын сый жасады. Өзім Шымкенттен жұмыстан келгенмін. Күні бойы ұйықтап, кешкі 6-7-лер шамасында оянған болатынмын. Сол кезде маған хабарласып шақырды. Гәстрөлден шаршап келіп отырғандықтан, аса көңіл-күйім жоқ”, – дейді әншінің өзі.


Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова күйеуінің тойдан 1 000 доллардан кем алмайтынын айтты

Еркін Нұржанов дүниеден өткен анасына арнап бейнебаян түсірді (видео)

“All Давай” тобының әншісі ел алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр