Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал: "Есірткі қолданып, есі кетіп жүрген әнші қыздарды көрмедім"

Әнші Кенталдың шығармашылығы тоқтап тұр. Алайда атағы әлі елді шулатып жүр. Бұл жолы ол әнмен емес, "бай қыздарды алдап соққан" деген әңгімемен трендте. Мән-жәйді анықтау үшін Stan.kz тілшісі Кенталмен экслюзив сұхбат жасады.

©instagram.com/kentalkz

 – Кентал, сұхбаттасудың сәті түскеніне қуаныштымын. Соңғы кездері шығармашылықта тоқырау орын алып, өнер саласы тоқтап қалған сияқты.

 – Иә, қазір халық менің даусымды, әндерімді естімейтін болды. Себебі, мен үйленіп, әке атандым. Қос ұлым бар. Азамат және Санжар деген балаларымның болашақта жақсы азамат болып қалыптасуы үшін қазірден бастап амал етудемін. Солардың тәрбиесі мен өсуіне көңіл бөліп жүрмін.

 – “Баланы – жастан” деген нақылды ұстанған сияқтысыз. Бала тәрбиесінде қандай қағиданы ұстанасыз?

 – Қазір балаларым мұсылман балабақшасына барады. Кішкентай кездерінен ой-саналарына дін мен тілін сіңдіріп, сол салада қалыптасқанын қалаймын. Бірақ ағылшын мектебіне бергім келеді. Өзім ағылшын тілінен нашармын. Содан болар, ұлдарымның ағылшын тіліне жүйрік болғанын армандаймын. Әке ретінде балаларыма жақсы болашақтың кірпішін қалауды мақсат етудемін.

 – Бойдақтық өмір мен отбасылы өмірдің қандай айырмашылығы бар екен?

 – Мен ең бақытты адаммын. Бойдақ өмірдің өз қызығы бар ғой. Бірақ мен отбасылы өмірдің қуанышы мен бақыты бір бөлек деп айтар едім. Бұрын “үйленуге асығыңыздар” деген сөзге мән бермейтін едім. Қазір бойдақ достарыма солай кеңес беретін болдым.

 – Жарыңыздың қандай қасиеттеріне ғашық болдыңыз?

 – Ең бірінші, адалдығына ғашық болдым. Сыртқы сұлулығы мен ішкі сұлулығы бір бөлек.

 – Айтпақшы, “серіктестік босану”, яғни жолдасының босану кезінде әйелінің жанына “партнер” ретінде кіруін қолдайсыз ба? Өзіңіз босану кезінде жарыңыздың жанында болдыңыз ба?

 – Жоқ, мен оған қарсымын. Әйел мен еркектің табиғаты бөлек. Сондықтан босану кезінде қасында болу дегенге мен қарсымын.

 – Көпшіліктің көкейіндегі сұрақтың жауабын білгім кеп тұр. Динара Әлжанның сұхбатына қатысты не айтар едіңіз?

 – Ешқандай да пікір айтқым келмейді.

 – Алғаш сұхбатты көрген кезде қалай қабылдадыңыз?

 – Иә, бірқалыпты қабылдадым.

 – Яғни ашуыңызды аса оятпады ма?

 – Жоқ, себебі, ол сұхбат тараған кезде Оразаның алғашқы күні болатын. Ашулансам оразам, бұзылып кетерін ойлап, сабырға келдім. Бастысы, шындықтың қандай екенін ішім біледі. Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді.

 – Десе де, сұхбат барысында сізге қатысты қанша пайыз шындық айтылды?

 – Мені сіз жақсы танисыз ғой. Талай жыл таныстығымыз бар. Мен ескірткі қолданатын адамға ұқсаймын ба?

 – Ал еліміздегі шоу-бизнес қыздары есірткіге құмартқан лас әлем бе?

 – Оны білмедім. Жеке басым есірткі қолданып, есі кетіп жүрген әнші қыздарды көрмедім. Айтарым, әркімнің өз шындығы бар. Бәрі қыздардың өздеріне байланысты.

Талқылау