Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеншілердің зейнетке шығу жасын қысқарту: Қазақстандықтар петиция жариялады

Қазақстанда кеншілердің зейнет жасын қысқартуды талап ететін петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Петиция 31 қазанда Alash.online порталында жарияланды.

Қазір шахтада жұмыс істейтін ерлердің зейнеткерлік жасы 63 жасты, әйелдердікі 61 жасты құрайды. Петиция бастамашысы кеншілер үшін бұл шектеуді тиісінше 55 және 50 жасқа дейін төмендетуді ұсынып отыр.

"Қазақстан шахтерлер зейнетке ерте шығатындардың қатарына қосылмаған посткеңестік елдердегі жалғыз мемлекет.  Бізде щахтерлер басқа елдегі әріптестерінен 10-13 жылға кешігіп зейнетке шығады. Еңбек министрлігіне және басқа да органдарға өтініш жасаған "Казуглепроф" көміршілер кәсіподағы мен саланың жекелеген өкілдері Қазақстан шахталарындағы қауіпті және ауыр еңбек жағдайлары туралы көп жылдар бойы айтып келеді. Кеншілер зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүре алмайды. Өйткені олар көптеген кәсіптік аурулардан зардап шегіп жатыр", – делінген петицияда.

Авторлардың айтуынша, қазақстандық кеншілердің аннуитет арқылы зейнетке ерте шығу мүмкіндігі жоқ.

Өтініш авторы Сәбина Амангелді кеншінің қызы. Оның әкесі 59 жаста, ол 30 жыл кенші болып жұмыс істеген.

 

Талқылау