Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеңселік пышақпен қорқытқан: СҚО-да медициналық маска киген қарақшылар жанармай бекетіне шабуыл жасаған

Солтүстік Қазақстан облысында медициналық мас таққан әлдебіреулер жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

СҚО

Түнгі екі шамасында Қызылжар ауданының Соколовка ауылы маңындағы жанар-жағар май станциясының кассиріне медициналық бетперде киген екі адам шабуыл жасаған. Олардың бірі кеңселік пышақты сермеп, ақша талап етекен. 47 жастағы кассир қаскөйге барынша қарсылық көрсетіп, сытылып, көрші тұрған газ құю станциясына қарай қаша жөнелген, сол жерде полицияға хабарлаған. Қылмыскерлер кассадағы 270 теңгеден астам соманы алып, қашып кеткен.

"Полицейлер дереу оқиға орнына келді, қылмысты ашу үшін облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері де тартылды. Алғашқы кезекте, назарға қарақшылық шабуыл жасау кезінде ЖЖС маңында байқалған шетел көлігіндегі екі ер адам ілікті. Алайда тексеріс жүргізген соң, күдік расталмады. Жедел іс-шаралар әрі қарай жалғастырылды. Сағат 4:30 шамасында ауыл маңындағы тас жолдың бойымен облыс орталығына қарай жаяу бет алған екі ер адамға СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың көзі түседі. Полиция полковнигі оларды ұстап, көлігіне отырғызып, қарақшылық шабуылға қатыстылығын тексеру үшін оқиға орнына әкелді. Ұсталғандардың сөмкелерінен ұрланған ақша шықты", - делінген ресми хабарламада. .

Аталған факті бойынша қаскөйлер ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр