Кенеттен жауған жаңбыр ер адамды байлыққа кенелтті
АҚШ-тағы Вирджиния штатының Питерсберг қаласының тұрғыны кенеттен жаңбыр жауған кезде дүкенге пана іздеп кіріп, сол жерден лотерея билетін сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Гарланд Харрисон көшеде келе жатқанда күтпеген жерден жаңбыр жауа бастағанын айтты. Америка азаматы жақын маңдағы дүкенге пана іздеуге шешім қабылдаған. Уақытты өткізу үшін ол лотерея билетін сатып алған.
- Сатушының ақылын тыңдаған ер адам миллионер атанды
- Шахтер сирек кездесетін асыл тас тауып, мультимиллионер атанды
Харрисон үйге оралғанда, билеттің оған байлық әкелгенін білді. Жүлде 158,4 мың долларды (66,8 млн теңге) құрады.
Жеңімпаз ақшаны не үшін жұмсайтынын әлі білмейтінін айтты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”