"Кенеттен қажетсіз болып қалған": Семейдегі жеке клиникадағы 84 қызметкер жұмыссыз қалмақ
Фото: Видеодан скрин
Семейдегі жеке клиника 34 жыл бойы жұмыс істеп келсе де, мемлекетке тиесілі ғимараттан шығарылады. 84 қызметкер жұмыссыз қалу қауіпі алдында тұр, ал басқарма оларды басқа жерге орналастыруға уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеке клиниканың гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Евгения Винникова мекеме біраз жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын айтты.
"Бөліміміз 34 жыл жұмыс істеп келеді. 22 желтоқсанға дейін жеке гинекологиялық бөлім болып, адамдарға, қалаға көмектесіп келді. Енді біз жұмыссыз қалуымыз мүмкін, әлеуметтік кепілдігімізді жоғалтуымыз мүмкін. Несиеміз бар, кейбіреулеріміз күтімге мұқтаж науқас туыстары бар. Бұл жағдайдың соңғы 84 адам үшін өте қиынға соқпақ", – деп түсіндірді бөлім меңгерушісі.
Ғимарат Семейдің орталығында орналасқан. Қызметкерлердің айтуынша, клиника көп жыл бойы мемлекеттік мекемелермен қатар жұмыс істеген. Енді кенеттен қажетсіз болып қалған. Мұнда мемлекеттік тапсырыс бойынша шұғыл және жоспарлы гинекологиялық көмек тегін көрсетілген, науқастарды емдеген, ота жасаған. Жылдар бойы барлық жағдай жасалып, тіпті жүрекке ота жасаған науқастарға қалпына келтіру бөлімдері ашылған. Тіпті мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жұмыс жасау ұсынылған.
Бұрын сот арқылы жалға беру мерзімін ұзартқан. Бірақ келісім мерзімі аяқталған кезде тағы да шығару туралы хат алған. Санитарлық талаптарға сай ғимарат жоқ деп отыр.
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков өздері мемлекеттік медициналық мекемелерге ғимарат керек екенін мәлімдеді. Егер клиника тез арада көшпесе, қызметкерлерді басқа жерлерге орналастыруға дайын екенін айтты.
"Жамила" мекемесі бірнеше жыл бойы өздеріне жаңа ғимарат табуды, оған рұқсат алу арқылы жұмысын жалғастыруды ұсындық. Бірақ жасалған жоқ. Біз барлық әріптестерімізді дәрігерлерді, орта және кіші медициналық персоналды басқа жұмысқа орналастырамыз", - деді басқармасы басшысы.
Қазақстандық шенеуніктер 2029 жылға дейін 3,3 млн азаматты жұмысқа орналастыруы керек
Еске салайық, бұған дейін Тараздағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті былтыр Дулати атындағы өңірлік университеттен бөлініп, жаңа оқу орны құрылды. Сол уақыттан бері ректор оқытушылардың бір бөлігін “оңтүстіктен шыққандарың” және “жемқорсыңдар” деп айыптап, бірнеше ай ішінде 30-дан аса қызметкерді жұмыстан шығарған. Қызметкерлер еңбек демалысына шыға алмай, еңбек келісімшарты бірнеше рет өзгерген.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
