Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей тарапы Кенесарының басы жоқ деп отыр: Не себепті хан сүйегін қайтаруда қиындықтар туындаған?

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақтың соңғы ханы Кенесарының басына қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

кенесары

2021 жылы Кенесарының ханның басы Омсктегі мұражайлардың бірінде табылған. Сол кезде генетикалық сараптамадан кейін бас сүйектің Қазақстанға қайтарылатыны айтылған еді. 

"Негізінде мұндай мәселелермен тарихшылар, өзге де мамандар шұғылдануы керек. Әйтсе де дипломатиялық арналар арқылы бізге де салалық ведомстволардан сұрақтар келіп түседі. Тиісінше біз оларды ресейлік тарапқа жібереміз. Кей мәліметтерге сәйкес Ресей тарапы бұл басты мүлдем жоқ деп те айтып жүр. Меніңше, тарихшылар бұл мәселемен айналысып, анығын айтуы керек", – деді Смадияров. 

СІМ мәліметінше Кенесарының бас сүйегін түрлі қоғамдық бірлестіктердің сұранысы бойынша ондаған жылдар бойы іздеген. Кей нұсқаларға сәйкес ханның басы Санкт-Петербург қаласында болған. 

Талқылау