Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кен орнын аукционсыз берген деп айыпталған: Бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тоқтабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вице-министр лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді. Ол Қостанай облысындағы "Шевченковское" кен орнын барлау сылтауымен оны аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берді деп айыпталуда. Онда никель және кобальт сынды қатты пайдалы қазбалардың ірі қорлары орнатылған.

Оның бақылауындағы компания бонустың ең төменгі құнымен дайын кен орнын алды.

Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекетке қайтарылды.

Бас прокуратура айыпталушы Тимур Тоқтабаевты сотқа берді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Талқылау