Қатарынан төртінші күн: Боранбаев бұл жолы "Қаражанбас" кен орны мен газ таратушы компаниясын мемлекетке қайтарды
Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын қабылдауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: qazaqsporty
"Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне өтті. Оның өндірістік параметрлері - құны 35,4 миллиард теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма.
Боранбаев тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын нарықтық құны 14 миллиард теңгеге жуық "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді.
Сонымен қатар құны 9 миллиард теңге болатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды", - делінген хабарламада.
Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.
Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Сондай-ақ оның компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген болатын және оған тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.
Сонымен қатар мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін қайтарды.