Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен әлі жаспын": Бұрынғы министр қазіргі әкім лауазымына дейін не себепті төмендегенін айтты

Бұрынғы ішкі істер министрі, қазіргі Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов президенттің лауазымын төмендету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысының министрліктен, әкім қызметіне тағайындауын қалай қабылдағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ОКҚ

Ақмола облысының әкіміне журналистер лауазымдық мансабы туралы сұрақ қойды. 

"Сіздің лауазымыңыз бүгінгі күні төмендеп кетті деп ойламайсыз ба? Бірнеше жыл министр болдыңыз?  Не үшін сізді облыстың әкімі қылып сайлады? Әкім қылып тағайындағаны ішкі істер министрлігінде қандайда бір кемшіліктер болғаннан кейін бе? Жалпы, президенттің бұл шешімін қалай қабылдадыңыз?" – деп сұрады БАҚ өкілдері ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатынан соң.

Марат Ахметжанов мелмекет басшысынының бұл шешіміне еш қарсылығы жоқ екенін айтты. 

“Дұрыс қабылдадым. Мен оған қарамаймын, лауазымым төмендеді ме, төмендеген жоқ па?!  Біріншіден, кемшілік болса, мені ешқайда тағайындамайтын еді. Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, менің прокуратура саласында, басқа да салаларда білімім бар. Мемлекеттік басқару бойынша магистратураны бітіргенмін. Сондықтан бұл салада жаңа көзқараспен, құқықтық нормаларды сақтап және заңдылықққа бағыну.  Бүгінгі қойып жатқан талаптарды орындау. Тек қана жалғыз әкім жұмыс істемейді ғой. Үлкен команда бар, аудан әкімдері бар. Менің тәжірибелі орынбасарларым бар. Жақсы менеджер болып, осы қойып жатқан талаптарды іске асыру керек болды”, – деп жауап берді әкім. 

Сондай-ақ журналистер Ахметжановтан не себепті ішкі істер министрлігінен зейнетке шықпағаны туралы және құқық қорғау саласында жұмысын  жалғастыра бермеуінің себебін сұрады.

Ақмола облысының басшысы оған былай деп жауап берді: “Мен әлі жаспын ғой. Неге менің қалуым керек?! Мен саяси қызметкермін. Президент мені қайда жолдайды, сонда жұмыс істеймін”, – деді ол. 

Еске салайық, биыл қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол оған дейін ішкі істер министрлігін басқарған. 

Талқылау