Кемеровода өртенген сауда орталығының орнына ескерткіш ретінде ағаш отырғызу ұсынылды
Кузбасс қаласының тұрғындары 64 адам қайтыс болған Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығының орнына ағаш отырғызып, тоғай жасауды ұсынды. Бұл ұсыныс жайлы бейсенбіде Халық депутаттары аймақтық кеңесінің төрағасы Алексей Синицын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ТАСС порталына сілтеп.
«Ұсыныстар сауда орталығына арналған естеліктер сайтынан түсуде. Тұрғындар қайғылы оқиға болған жерді тоғай жасау туралы ұсыныс жасауда. Бірақ, әрине, басты шешімді сол күнгі өртте құрбан болғандардың туыстары мен жақындары қабылдайды», – деді Синицын облыстық кеңестің отырысында.
Бұған дейін ауданның бірінші вице-губернаторы Владимир Чернов Кемеров облысының билігі өрт кезінде қаза тапқандардың туыстарының өртенген ғимараттың алаңын мемориал жасау туралы бастамасын қолдайтынын мәлімдеген. Ол осыған қатысты шешімді қоғам пікірін саралап, сондай-ақ бастысы қаза тапқандардың туыстарының келісімімен қабылданады деді.
Оқи отырыңыз:
Кемеровода өртенген СО-ның күзетшісі: Дабыл жүйесі 3 жылдан бері жұмыс істемейді
Кемероводағы өрттен аман қалған ер адам кинотеатрда не болғанын айтып берді
Кемероводағы сауда орталығында өрт шыққан сәті видеоға түсіп қалған (видео)