Кемерово облысының вице-губернаторы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)
Кемерово облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев сауда орталығындағы қайғылы оқиға үшін қала тұрғындарынан тізерлеп тұрып кешірім сұрады. Әкімшілік маңына 4 мыңға жуық адам митингке шықты.
Желіге оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды.
“Қайғылы оқиғаға кінәлілер жазасын алады. Қиын жағдайға тап болғандардан тағы да кешірім сұраймын. Мен сол адамдардың алдына тізе бүгемін”, – деді Цивилев.
Оның бұл әрекеті митингке жиналған тұрғындардың қошеметіне ие болды.
Айта кетейік, РФ Президенті Путин 28 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Кемеровода әкімшілік ғимаратына жақын жерде 4 мыңға жуық адам жиналған митинг өтті. Тұрғындар Аман Тулеевтің отставкаға кетуін талап етті.
Тағы оқыңыз:
Сағынтаев вице-министрге: Баяндамада жазылғаннан басқаны білмейсіз
Атырау облысының бұрынғы әкіміне қандай айып тағылғаны жарияланды
Депутаттар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» сатуға қарсы шықты
Талқылау