Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемальдың мұңын пианиномен жеткізген Бақаева жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Өткен аптада әлем бойынша миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған “Өшпес махаббат” (Kara sevda) телехикаясы аяқталды. Кемаль мен Ниханның бақытты күн кешуін тілеп, Happy end-ті күткен көрермендер басты кейіпкер көз жұмғанда ағыл-тегіл жылады.

салтанат кемаль нихан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Түрік телехикаяларын сүйіп көретін Қазақстан көрермендері үшін де бұл күтпеген жағдай болды. Олар желіде фильм туралы ойларымен бөлісіп, режиссер мен сценарий авторына наразылықтарын жеткізіп жатыр.

Фильмдегі актерлердің ойыны әнші әрі актриса Салтанат Бақаеваға әсер етсе керек-ті. Ол Kara sevda-ның саундтрегін пианиномен орындап, басты кейіпкерлерге музыкалық сәлем жолдады. Сондай-ақ, сезімге беріліп ойнайтын түрік актерлеріне ұқсағысы келетінін жасырмады.

“Осы талантты жандардың алдында бас иемін. Өз ісінің xас шеберлері! Мен де ұмтыламын және барынша сол деңгейге сай болуға тырысамын”, – деп жазды ол.

Желі оқырмандары болса Салтанатты тағы бір қырынан танығандарын айтып, талантына тәнті екендерін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Сәбит Әбдіхалықов: Мен Алтынайды емес, Алтынай мені тастап кетті

Әлем таныған Димаштың концертін сынап тастаған желі оқырманы елді шулатты

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

 

Талқылау