Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіссөз құны 2 миллион теңге: Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан

Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды. Олардың қатарында АХАЖ қызметкері де бар. Қазір 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 қылмысқа қатысы бары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

нәресте

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ ұзақ уақытқа созылған шараның нәтижесінде ұсталған. Олар баласыз жұптарға нәрестені заңсыз асырап алуда көмек көрсеткен. 

"Жүргізілген іс-шара нәтижесінде құрамында аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкері бар топ алдын-ала келісім бойынша сәбиінен бас тартуға дайын жүкті әйелдер мен балалы болғысы келетін отбасыларды іздеген. Сондай-ақ жалған туу туралы куәлік дайындаған", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.


 


Сөзінше, келісімшарт құны 2 миллион теңгеге дейін, ал жалған құжат жасау бағасы 700 мың теңгеге дейін жеткен. 

"Бүгінде күдіктілердің алты сәби сату дерегіне қатысы бары анықталды", - деп қосты Нұрмағамбетов. 

Күдіктілердің барлығы тергеу изоляторына қамалған. Егер кінәлары дәлелденсе, 12-ден 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау