"Келісімшарт 1995 жылы жасалған": Даниал Ахметов Зайсанда газдың неліктен Қытайға жіберілгенін түсіндірді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зайсанда неліктен газдың 95%-ы Қытайға кетіп жатқанын түсіндіріп берді. Оның сөзінше, екі ел арасындағы келісім 1995 жылдың ортасында жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2020 жылғы дерекке сәйкес, Зайсандағы газдың 95%-ы құбыр арқылы Қытайға жіберілген.
"Бұл жағдаймен таныспыз. Арадағы келісімшарт 1995 жылдың ортасында жасалған. Халықаралық келісімшарт расымен болған және қолданылып келген. Қазір аталған кен орнында 328 миллион куб газ бар. Мен қалған газ тек жергілікті тұрғынға арналуы керек деп санаймын", – деді әкім.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда газ көрші елге жіберілмейді.
"75 миллион куб газдың экспортталуы тоқтатылды. Қалған 328 миллион куб бізге 11 жылға жетуі керек. Мен келіссөз жүргіздім. Компания бұл қорды сақтауға келісті", – деп түсіндірді Ахметов.
Талқылау