"Келісім жасап қойды": Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жегінің уақыты айтылды
Америкалық журналист Майкл Бенсон қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, боксшы белбеуін қорғау жөнінде келісім жасап қойған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Athletic басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бенсонның қазақстандық боксшыны белбеуін қорғау туралы келісім жасап қойғанын айтты. Ендігі Головкин IBF-тің жекпе-жекті мақұлдауын күтуде, дейді ол.
Журналистің сөзінше, Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы орта салмақ дәрежесінде Еуропа чемпионы, польшалық Камил Шеремет болады.
Сонымен қатар басылым мәліметінше, Головкин келесі жылдың басында жекпе-жек өткізбек.
«Алайда егер «Канело» мамыр айында жекпе-жек өткізуге келіссе, онда қазақстандық боксшы Шереметпен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін», - делінеді басылымда.
Айта кетсек, Головкиннің промоутері Том Леффлер польшалық боксшымен жекпе-жек туралы айтқан еді. Алайда қазақстандық боксшының командасы әзірге түрлі нұсқаларды қарастыруда.
Еске сала кетсек, 6 қазанда Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен еді. Ол екі чемпиондық белбеуді иеленді.