Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек сыртынан күйеуіне екінші әйел алып қойған ата-енесіне ренжіп жүр

Қазақстандық келіншек арада бала болмаған соң күйеуімен ажырасуға мәжбүр болған. Бастапқыда заңды түрде ажырасса да, ата-енесіне қызмет қылып, төркініне қайтпай қойған екен. Артынша күйеуі жас қызды жүкті қылып қойғанын айтып, оны үйден қуып жібереді. Енді күйеуі екінші әйелімен ажырасып, келіншекке қайта қосылуға ұсыныс жасап жүр екен.

1380090135_pochemu-imena-muzha-vsegda-derzhitsja-v-tajne-mnenie-jeksperotov

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“2010 жылы тұрмысқа шығып, арада бала болмаған соң 2014 жылы ажырасып кеттік. Дәрігерлерге де, емшілерге де барып емделдік. Бірақ, еш нәтижесі болмады. Екеуіміздің қан тобымыз сай келмейтін болып шықты. Содан күйеуім маған опасыздық жасап, менімен құрбылас 2 жастағы қызды жүкті қылып қойыпты. “Мен сол қызды сүйемін, соған үйленемін” деп өзі ажырасуға арыз берді. Мұның қаншалықты рас екеніне көзім жетпейінше, ата-енеме қызмет жасап, сол үйде тұра бердім. Ер адам болған соң оңды-солды жүрістері болады, бәрібір қайтып келеді деп тұра бердім. Ата-енем де мені қолдағандай болды. Бірақ, бір күні маған абысыным қоңырау шалып, “Ол үйде қалай ғана жүрсің?! Ата-енең саған кет деп айтуға батпай әрең жүр.

Сен жұмыста болған кезде, әлгі қыздың ата-анасымен кездесіп, той күнін белгілеп қойған” деді. Осы кезде төбемнен жай түскендей күй кештім. Сонымен, ақыры ажырасып, мен төркініме кетіп қалдым. Ал ол сол қызды алып, той жасады. Қазір екеуінің 5 айлық қыздары бар. Енді сол келіншегі 2 ай бұрын бар дүниесін жинап, үйден кетіп қалыпты. Менің нөмірімді қайдан алғанын білмеймін. Бірақ, бұрынғы күйеуім қайта жазып, қосылуға ұсыныс жасап жүр. Дәл қазір менің оған деген сенімім де, сезімім де жоқ. Тек ата-енемді аяймын. Қартайған шақтарында немере сүйе алмай қиналып жүр. Бәрібір екеуіміз қосылған жағдайда арамызда бала болмайды. Себебі, қан тобымыз сай келмейді. Осы орайда, сіздерден ақыл-кеңес сұрағым келіп тұр. Не істесем болады?” – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек өзінен 15 жас кіші қыздармен опасыздық жасайтын күйеуінен құтыла алмай жүр

Бойжеткен оралман жігітімен қосылуға тыйым салған әке-шешесіне ренжіп жүр

Келіншек құрбысына көз салып, өзін үйден қуып шыққан күйеуіне қайтып барғысы келіп жүргенін айтты

Бейсен Құранбек қолы жоқ баланы жігерлендіріп, мектепке орналастыруға уәде етті

Талқылау