Келіншек құрбысына көз салып, өзін үйден қуып шыққан күйеуіне қайтып барғысы келіп жүргенін айтты
Қазақстандық келіншек құрбысына көз салып, өзіне себепсіз қол жұмсайтын күйеуінің әрекеттерінен қатты шаршағанын айтты. Күйеуі өзін қуып жіберсе де, үнемі оған қайтып барғысы келіп тұрады екен. Бір жыл бұрын заңды түрде ажырасса да, екеуі қайта тұрып көрген-ді. Бірақ, аралары бұрынғысынан бетер суып, келіншек төркініне кетіп қалыпты. Осыдан кейін күйеуі із-түссіз жоқ болып кеткен. Тіпті, баласын іздемейді екен. Ал келіншек оған қайтып барғысы келіп жүргенін айтты.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Күйеуім екеуіміз 10 жыл бірге тұрдық. Осы 10 жыл ішінде талай дүниелерді бастан кешірдік. Туысқандар жайына бөлек бір тақырыпты арнасам болады. Бірақ, әзірге олардан бұрын күйеуім екеуіміз туралы айтып өтейін. Ол мені таяқтап, боғауыз сөздер айтып, басқа қыздарға барып жүрді. Мен оны қатты жақсы көргендіктен, кешірдім. Ол жоқ болса, қалай өмір сүретінімді де білмеймін. Өмірім бос әурешілік болып көрінеді. Былтыр менің құрбыма “Жаным, кездесейік” деп жазған смс-хатын оқып қалдым. Содан бастап өміріміз өзгеріп кетті. Күнде айқай-шу болып, мен оны қуып жібердім. Менің құрбыма көз салып жүргені жаныма қатты батты. Ол қызбен де сөйлестім. “Күйеуің өзі қоңырау шалып, қайта-қайта жаза береді” дейді. Араға бір ай салып күйеуімді өзім шақырып алдым. Бірақ, бәрібір арамыз дұрысталмады.
Сәл кешіксе болды, сол қызбен бірге болған шығар деп мазасын аламын. Ақыры таяқ жеп тынамын. Былтыр күйеуім сотқа бірінші өтініш білдіріп, заң жүзінде ажырастық. Шыдамай қайта қосылдық. Күнде ұрыса берген соң, баламды алып төркініме кетіп қалдым. Күйеуімнің жолымды бөгемек болғанына қарамастан кетіп қалдым. Содан бері әлі хабарласпады, баласын да іздемеді. Әлі күнге дейін неге кетіп қалдым деп өкінемін. Оған қатты бауыр басып қалғанмын. Қазір балам үшін ғана өмір сүріп жүрмін. Балам екеуіміз оны қатты сағындық. Қайтадан барайын десем, “Келген жағыңа кет” деп тағы да ит қылады ма деп қорқамын. Маған ақыл айтыңыздаршы. Мұндай ситуацияда не істесем болады. Артық әңгіме жазбаңыздаршы, өтініш”, – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Бейсен Құранбек қолы жоқ баланы жігерлендіріп, мектепке орналастыруға уәде етті
Есірткіге тәуелді жігіт отбасын құруды армандап жүргенін айтып қынжылды
Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді
Бейсен Құранбек сыртқы келбетіне көңілі толмаған келіншекті ұрысып тастады