Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек қайын інісіне опасыздық жасаған абысынын жөнге сала алмай жүр

Келіншек қайын інісіне опасыздық жасап, көңілдесіне жартылай жалаңаш түскен суреттерін жіберетін абысына туралы айтып берді. Ол абысынының опасыздығын қайын інісіне қалай айтарын білмей жүр. Мұнымен қатар, абысыны өзінен көңілдесі туралы ешкімге айтпауды жалынып сұраған екен.

ааааву

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Менің абысыным жолдасына опасыздық жасап, басқа ер адаммен сөйлесіп жүр. Жуырда көңілдесімен бірге жүрген жерінен ұстап алған едім. Алдымда ақталып, ешкімге айтпауымды жалынып сұрады. Мен де араларына түскім келмей, үндемей қоя салдым. Бірақ, араға уақыт салып тағы да басқа жігітпен сөйлесіп жүргенін байқап қалдым. “Оңды-солды жүрістеріңді қойсаңшы! Күйеуің мен екі балаңды аясаңшы!” деп ұрысып тастадым. Жолдасы, менің қайным тамаша жан! Отбасы үшін бәрін істейді. Өзінің тұрақты жұмысы да бар, ішімдік ішпейді. Балаларына да үлгі боларлықтай әке. Абысыныма не жетпей жүргенін түсінбеймін.

Кеше вконтакте желісіндегі парақшасын өшірту үшін нөмірі мен құпия сөзін берген. Парақшаны енді өшіре бергенімде хат келіп қалды. Әрекетімнің дұрыс емес екенін білемін. Бірақ, хатты ашып оқығаным рас. Әлгі ер адаммен әлі сөйлесіп жүр екен. Екеуінің әңгімесін оқудың өзі жиіркенішті. Абысыным жалаңаштанып түскен суреттерін әлгі жігітке жіберген. Енді не істерімді білмей отырмын. Қайным үшін қатты алаңдаймын. Абысына ескерту жасаудан шаршадым. Бір шетінен бұл туралы қайныма айтып, араларына түскім келмейді. Қалай ойлайсыздар, не істесем болады? Осыншалық опасыздықты көріп тұрып үндемей қалайын ба? Әлде қайныма бар шындықты айтқаным дұрыс па?” – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек сыртынан күйеуіне екінші әйел алып қойған ата-енесіне ренжіп жүр

Келіншек өзінен 15 жас кіші қыздармен опасыздық жасайтын күйеуінен құтыла алмай жүр

Бойжеткен оралман жігітімен қосылуға тыйым салған әке-шешесіне ренжіп жүр

Келіншек құрбысына көз салып, өзін үйден қуып шыққан күйеуіне қайтып барғысы келіп жүргенін айтты

Талқылау