Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек достарымен неке түні туралы ашық әңгімелесетін күйеуіне ренжіп жүр

Қазақстандық келіншек достарымен алғашқы неке түні ашық әңгімелесетін күйеуіне ренжіп жүр. Бар мәселе келіншектің босағаны қыз болмай аттағанында екен. Тұрмысқа шықпай тұрып бір ер адамға алданып қалған. Ал қазіргі күйеуі мұны білсе де, ешуақытта бетіне баспауға уәде беріпті.

1369041565_ssora_s_muzhem

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Бұйырса, менің тұрмысқа шыққаныма биыл 4 жыл болады. Аллаға шүкір, 3 жастағы бір қызым бар. Күйеуге шықпас бұрын бір жігітпен танысып, сол жігіт маған үйленуге уәде беріп, анасына алып барған болатын. Сол түні мен оған сеніп, төсектес болып қойдым. Келесі айда мені жақсы көрмейтінін айтып, кешірім сұрады. “Енді менің болашағым не болады? Қалай тұрмысқа шығамын?” деп жылап қайғырдым. Содан қазіргі күйеуім әскерден келіп, маған күнде сезімін білдіріп жүрді. Бір күні мені 5 күннен кейін алып кететінін айтты. Мен не айтарымды білмей жыладым. Артынша бір жігітке алданып қалғанымды түсіндірдім. Басында ашуланып, артынша мұны ешуақытта бетіме баспауға уәде етті. Осыдан екі күн бұрын күйеуім сыраға тойып алып, маған таңға дейін әңгіме айтты.

“Достарымның арасында алғашқы неке түні туралы әңгіме қозғалса, мен тұрып кетіп қаламын. Сен туралы не айтарымды білмеймін. Маған сенің қыз болғаның маңызды еді. 4 жыл іштей тынып әрең шыдап келдім. Бұдан артыққа шамам жетпейді. Екеуіміз ажырасайықшы” деді. Қайғыдан қан жұтып, қораға 3 рет бардым. Асылып өлгім келді. Бар тағар айыбы осы нәрсе болып отыр екен. Тұрмысқа шыққанда пәк болмағанымды ұмытатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ, әлі күнге дейін ұмыта алмаған екен. Есесіне менен туған қызды ерекше жақсы көреді. Ертесінде айтқандарын ұмытуымды сұрап, мені құшақтап бір жылап алды. Ажырасайық деп ұсыныс білдіргені ойымнан кетер емес. Енді ұл бала туып бергенімді асыға күтіп жүр. Маған ақылдарыңыз керек. Тек өзімді кінәлап, боғауыз сөздер жазбаңызшы. Алланың маңдайыма жазғанын көрермін. Бұл ешкімнің қолында тұрған жоқ”, – деп жазады келіншек хатында.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Төркініне қайтқан қыз әке-шешесінің ұзатуға алған несиесін қалай ақтарын білмей жүр

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Студент намазы мен жігітін тастауға мәжбүрлеген әпкелері туралы айтып жылады

Ильхам Ибрагим эфирде ешкімге айтпай түсік жасатқан оқушыны ұрысып тастады

Талқылау