Келіншек ай сайын ақша сұрайтын төркінінен қалай құтыларын білмей жүр
Қазақстандықдық келіншек ай сайын ақша сұрайтын анасынан мезі болғанын айтты. Анасы 85 мың жалақы алса да, үнемі ақша сұрайды екен. Келіншек төркініне жиі көмектесетіндігі үшін күйеуінен ұялатынын да сөз етті.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
«Сіздер төркіндеріңізге қаншалықты жиі көмектесесіздер? Тұрмысқа шыққаныма 3 жыл болды. Аллаға шүкір, жолдасым жақсы. Өзімнің анам мен 9 жасар інім ғана бар. Анам ай сайын 85 мың теңге айлық алады. Оның 30 мыңын несиеге береді. Осының өзінде ай сайын «Ақша жоқ! Жетпейді» деп маған ренжиді. Шамам келгенше ақша беруге тырысамын. Кейде артығымен беремін.
Келгелі отбасыма көмектесіп жүрмін. Осы әрекетім үшін жолдасымнан қатты ұяламын. Кейде осы туралы сөз қылады. Бірақ, қатты ұрысқан емес. Осы үшін жолдасыммен ұрысқым келмейді. Көрсетіп бір, көрсетпей бір беремін. Жалпы төркінге көмектесіп тұрған дұрыс па? Бір шетінен анамның да жағдайына түсіністікпен қараймын. Екі жаққа жағымпазданамын деп қиналып кеттім Бұдан былай жолдасыма өтірік айтқым келмейді», – дейді Сара Айтқұлова.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Жігіті пәктігіне сенбеген бойжеткен өзіне қол жұмсамақ болған
Үш қыздың анасы: Қайын сіңілім біздегі ұлын тартып ала ма деп қорқамын
Қазақстандық келіншек үшінші баласын тууына қарсы болған күйеуіне ренжулі
Тұрмысқа шықпаған қыз: Отбасылы жігітке қатты бауыр басып қалдым