Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді

30 жастағы Балжан Сайлаубекқызы болашақ жарын өзіне үйленуге мәжбүрлегенін мойындады. Студент кезінде оны қатты жақсы көріп, одан жүкті болуы үшін барлығын жасаған екен. Артынша өзіне үйленбеген жағдайда соттататынын айтып қорқытқан. Осылайша жігіт амалсыз үйленуге келісімін берген. Бірақ, араға бір жарым жыл салып ерлі-зайыпты ажырасып кеткен-ді.

18253131_209743822848060_4434560523463294976_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Студент кезімде өзімнен бір курс жоғары оқитын жігітті қатты сүйдім. Ол жатақханада көрші бөлмеде тұратын. Үш жыл бойы жақсы көріп, артынша сезімімді білдірдім. Кейде оқуына көмектесіп, тамақ жасап қонаққа шақырып жүрдім. Ол менің сезімімді білсе де, маған немқұрайлы қарайтын. Оның диплом жазуына басынан бастап, соңына дейін көмектестім. Осыдан кейін маған бұрыла бастағандай көрінді. Дипломын жазып біткен соң арамызда ерекше байланыс пайда болды. Қыз-жігіт болып жүрдік, жүрмедік деп те айта алмаймын. Мен ол кісіге беріліп, жүкті болып қалдым.

Бұл менің алғашқы қателігім болды. Бірақ, баланы алып тастаймын деген ой болмады. Ол мені сүймесе де, арамызда бала болатынына қуандым. Ашығын айтқанда, оны өзіме үйлендірудің жолын таптым. Осылайша оқуымды бітірейін деп жатқан кезде жүкті болып қалдым. Оған «Мен не істерімді білмеймін. Бұл туралы ата-анама айта алмаймын. Сол себепті, сен маған үйлен» деп ашық айттым. Басында ол бас тартып, байбалам салды. Үйленбеген жағдайда арыз жазатынымды айтып бопсаладым. Ақыры ол жігіт маған үйленіп, бір жарым жыл бірге тұрдық. Мен қатты қуанғандықтан, алғашқы жылдың кемшіліктері білінбеді. Ол жұмыстан келіп тамағын ішіп, қайта кетіп қалатын. «Қашан келесің?», «қайда жүрсің?» деген секілді сұрақтарға жауап бермейтін.

Ақыры қол көтеріп, маған мәжбүр болғандықтан ғана үйленгенін айта бастады. Бір күні «Мен сені сүймеймін. Мені баламен ұстай алмайсың. Босқа басымды байлама. Өзіңнің де өміріңді бұзба» деп айтты. Басқа қыз-келіншектерге менің әрекетімді қайталамауға кеңес беремін. Бір адамға тұрақталып, сүю деген осы екен деп жүріп қалмау керек. Мен оны әлі күнге дейін сүйемін. Оны өзіме қарату үшін барлығын жасадым. Студенттік шақта оның ұнатып жүрген қызының бар екенін білдім. Сол қызға еліктеп, шашымды соныкіндей етіп боятқан болатынмын. Анасынан қандай тағам жақсы көретінін сұрадым. Ер-азамат өзі сүймесе, оны ұстап қалу мүмкін емес. Күйеуімнің маған қайтып келгенін қатты қалаймын. Ажырасқанымызға бес жарым жыл болды. Бір әйелмен азаматтық некеде деп естідім. Бірақ, сол әйелді ұлына көрсетпеуге тырысатынына қуанамын», – дейді Балжан ханым.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы  Балжан ханымға өзін кінәламауға кеңес берді. Тіпті, онымен қосылуға қадам жасауға үгіттеді.

«Психолог мамандар не десе де, отбасын сақтап қалу үшін барлығын жасауға кеңес беремін. Әрине, кейде күйеуі ішімдікке салынып, есірткіге әуес болып, адам төзгісіз өмір сүруге мәжбүрлейді. Мұндайда ажырасуға болатын шығар. Қазір сіздің балаңыздың әкесіз өсіп отырғаны жаныма батады. Менің бір туысымның жары 20 жылдан кейін қайтып келді. Сол себепті, өмірде әртүрлі жағдай болуы мүмкін», – дейді Ләйлә ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық бақытты жұп отбасылық қиындықтарын қалай шешетіндерін айтты

Бойжеткен сөйлесе бастаған жігіттерінің бірден басқаға үйленіп кете беретініне алаңдаулы

Ажырасқаны туралы күліп айтқан келіншек өз әрекетіне өзі таңқалды

Намазхан жігіт бала күнінде зорланған әйелін жүктілігіне қарамастан қуып жіберген

Талқылау