Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келіншегің мен ұлың құтты болсын!": Әнші Ринат Шамшырақ үйленді

Қарындасымен бірге ән айтып танылған әнші Ринат Шамшырақ отау тікті. Өнер иесі жаңалығымен жеке парақшасында бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол неке қиған сәтінен сурет салып, жазба жариялады.

“Қош келдің, өміріме! Бір түсінгенім, жүрек қалауы ешкімді де, ештеңені де тыңдамайды екен. Жақында ұлы той”, – деп жазды желіде. 

Әншінің таңдауы өзінен 6 жас үлкен гример қызға түскен. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, Аружан есімді қалыңдықтың бір ұлы бар. Ол – отандық киноларда актерлердің бетін әрлейтін маман. 

Айтыскер ақын Жібек Шахмарданқызы: “Бұл да бір пранк деп ойлап едім. Таңертең “Әпке, тойда күтемін” деп жазып жіберіпті. Ринат бауырым екеуіміз студент кезден бері араласамыз. Әрі жерлеспіз. Келінді танымаймын. Бірақ өзі таңдаса жүрек қалауы, ақылының дегені. Халық шулап-шулап қояды. Бақытты бол”, – деп жазды айтыскер ақын.

Желі қолданушыларының бірі бақыт тілеп жатса, екінші тарап бұрын үйленбеген жігіттің баласы бар келіншекті жар еткенін сөз етті. “Келіншегінің жағдайы жақсы, қолына кіріп алмақшы бұл жігіт”, “Жақсы жаңалық емес, баласы бар қатынды алып отыр” деген пікірден көз сүрінеді. “Бұл екі жастың махаббаттарына мен куәмін. Екеуінің қалай қосылғандарын баяндап берсе, кино түсіруге болады. Ринат пен Аружандікіндей махаббат бәрімізге бұйырсын”, – деп жазды жақын досы.  

 

Талқылау