"Келіннің кішірейгені дұрыс": Гүлзира Айдарбекова ене мен келін тақырыбын қозғады
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты ой қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі келіндерінің ешқайсысын жек көрмейтінін жасырмады.
“Келін ұрпағыңды жалғастырушы. Өміріміздің жалғасы. Олар шайын беріп, тырысып, сілкінбей жүрсе болды. Алдына түсіп, бар жағдайын өзіміз-ақ жасаймыз”, – деп жазды продюсер.
Одан кейін ене мен келін арасында болатын ренішті де сипаттап берді.
“Кейде ене қаттырақ сөйлеп қалса, келіндер кішірейе салғаны дұрыс. Қаншама өмірдің тауқыметін тартты. Келінге жаман болсын деп айтпайды. Кішкене пісіріп, тұрмысқа бейімдеп алайын деп ойлайды. Қатты босатып жібермеуді ойлайды. Бәрібір өз баласы сияқты келіннің де тілеуін тілейді”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Еске салаййық, Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың дүниеге келген бесінші баласын құттықтамағаны үшін сөзге қалған еді.

Қазақстанда жеңілдетілген салық режимі алып тасталады: Қандай бизнес зардап шегеді және не қымбаттайды?
