Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Келінімді қызымдай көремін” дейтін енелерге сенуге бола ма?

Айгүл Болатханқызының “ене мен келін” тақырыбында жазған фейсбук желісіндегі жазбасы көпшіліктің талқысына түсті. Журналистің пікірінше, кез келген ене келінін туған қызындай қабылдай алмайды. Мұның себебі де жоқ емес.

1359724223

Сурет: reactor.inform.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Келінімді қызымдай көремін”, “келінімді қызым деймін” дейтін енелердің сөздері біртүрлі. Біріншіден, ол қызы емес, демек, ешқашан қызы бола алмайды. Екіншіден, ене мен келіннің арасында белгілі бір шекара болуы керек. “Қызымдай көремін” деп алып қызындай қылық “көрсетсе” ешқашан ренжімегені жөн, ендеше. Өз ойым! Мысалы, мен күні ертең Алла бұйыртып ене болғанда “Ойбай, мен келінімді қызымдай көремін. “Қызым” деп айтамын” дей алмайды екенмін. Әркімнің өзінің орнын білгенді жөн санаймын. Бұл “мынау қасқыр ене екен”, “ертең келініне күн көрсетпейтін біреу болады екен” дегенді білдірмейді.

Өзімде бір-ақ тал бала, оның болашақ жұбайы менің бір-ақ тал келінім болмақ. Онда неге мен келініммен алысуым керек, а? Рас, талап етем кез келген нәрсені. Бірақ, алдымен, оның қолынан келе ме, оған көмек керек пе, соны аңғаруға, соған үйретуге көп күш жұмсайтыным анық. Зейнеп апамның айтатынындай, оны өсіріп-бағу, оқытып-шоқыту жолында еңбегім сіңбеген, сөйте тұра қолыма дайын күйі ұстата салатын тұтас бір әлемді күтіп ұстай алмасам, маған сын. Солай ғой. Ал келінімді “қызым” деймін, “қызымдай көремін” дейтіндерден бәрібір бір жасандылық ұрып тұрады. Қажеті не? Орындықты – орындық, үстелді – үстел деп өз атымен атағандай, өз орнында қалғаны жақсы ғой әр нәрсенің… Бұл – менің ғана пікірім”, – дейді Айгүл Болатханқызы.

Аталған жазбаға қатысты желі қолданушылары да түрлі пікір білдіріп жатты. Көпшілігі журналистің пікірін қоштап, келінді аяйтындарын жеткізді. “Жүз пайыз дұрыс”, “Шеше кезінде бәрі жақсы, жаман ене қайдан шығады”, “Басқа симайтын сөз. Солай деп алып “Келінім басқа шықты” деп қамығатындарын қайтерсің. Әр сөз адамға ой-пікір ұялатады”, “Келінді аяп кеттім”, “Бәрібір келін өз шешесін енесінен жоғары қояды. Әр нәрсені өз атымен атаған дұрыс”, “Өте дұрыс. Күйеу бала да ұлың болмайды, бәрібір. Қыз – қыз, келін – келін болып қалуы керек”, “Келінің де, күйеу балаң да туған қыз-ұлыңнан өткен қамқор болуы мүмкін. Бірақ, оларды қызым, ұлым деп өз ата-аналарының алдын кесуге болмайды”, “Әр нәрсенің өз орны бар. Ақты – ақ, қараны – қара деген дұрыс қой негізі. Мен енемді сыйлауға міндеттімін. Себебі, сол енем туған баладан өсіп-өнейін деп отырмын, бұйырса. Ал мен ол кісіге қанша тырыссам да, туған қызындай бола алмасым анық. Бірақ екеуіміздің арамызда сыйластық бар. Мен де ол кісінің ұрпағын өсіріп отырмын дегендей…”, “Еш пікір айта алмайды екенмін”, “Ене болғаныңызды көргім келіп отыр” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ірімшік қосып сабада пісетін құрттың қалай жасалатынын біле жүріңіз

Құрты мен майын сатып отбасын асырайтын ананың бір күні (фото)

Қойдың басын қалай асқан дұрыс: тісімен немесе тісін қағып (фото)

Самсаны үйде қалай әзірлейміз?

Талқылау