Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келінге ие бола алмасаң, кім болғаның?": Зейнеп Ахметова келіндерін жамандайтын енелерді сынға алды

Көпке белгілі жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қазіргі енелер мен келіндер тақырыбында ойын айтты. Жазушы келіндерге ене бола алмай жүрген әйелдерді сынады. 

Зейнеп Ахметова

Бұл туралы "Hikmet TV" арнасында айтылды.

“Ене болмасаң, кім болғаның? Келінге қандай еңбек сіңірдің? Ақ сүтін бердің бе, Әкенің адал күшін жұмсадың ба? Ата-анасы бағып-қағып, мәпелеген дайын күйінде саған берді. Бір адам – ол бір әлем. Қолыңда бір әлем бар. Сенің оған еңбегің сіңген жоқ. Дайын күйінде ата-анасы бір күн қызығын көрмей саған берді. Әрі қарай ие бола алмасаң, кім болғаның? Енелер келінге сүйеу болу керек. Жас келінге бәрі қарайды. Сын айтады. Жүріс-тұрысына қарайды. Сырт көз, тіл-көз деген болады. Мін тағып отырады. Ондайда енелер жөн сілтеді. Қолдау болады. Үлгі болу керек. Бұл келін дей бермей, ана парасатын көрсету керек. Кез келген әйел ене бола алады”, – деді Ахметова. 

Жазушының айтуынша, әр ана ұлының таңдауына құрметпен қарап, келінге екінші анасы бола білу керек. Ел анасы келіндерін сыйғызбай жамандап жүрген енелерге осылай ренішін білдірді. 

Желі қолданушылары да өз ойын қосып, пікір қалдырды.

“Ененің ақылын тыңдайтын келін бар, тыңдамайтын да бар”, “Келінге келін болсаң жағасың”, “Негізі, енеге де келінге де байланысты ғой, енесі аузына келгенін айта берсе, тіл бар деп, екі келін болса соларды бөліп жарса, ененің қателегі емес пе? Кей енелер ақшаны жақсы көреді, ол да бар”, “Ең бастысы келінге де енеге де сана берсін”, “Ене де болу оңай емес, қалай тәрбиелеу керек екенін де білмейсің. Қатты ұстасаң, енем жаман деп айрылып кету мүмкін, бос ұстап өзің бәрін жасап жүрсең, соған үйреніп сені ене деп сыйламайды да”, “Дұрыс айттыңыз, енелерге байланысты”, – деп жазды олар. 


Талқылау