Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келін сырқаттанған енесіне күтім жасаудан шаршағанын айтып жылады

Күйеуі қалаға жұмыс істеуге кеткен келіншек үйдің тіршілігінен әбден мезі болғанын айтып жатыр. Ол үйге екі айда бір рет қана келеді екен. Осы уақыт аралығында ақша да салып жібермейтін-ді. Мұнымен қатар, келіншек денсаулығы сыр беріп жүрген енесіне қарайлаудан шаршағанын айтып жатыр.

асв

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Көптеген әңгімелерді оқи отырып өзім де сырымды, ішкі сезімімді сіздермен бөліскім келді. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, мені сөкпеулеріңізді сұраймын. Тұрмысқа шыққаныма 7 жылдай уақыт өтті. Құдайға шүкір, қыздарым бар. Өзім жоғары білімді мұғалім болсам да, ауылдық жерде тұрамын. Келген жерімнен жұмыс таба алмадым. Қазір ата-енеммен бірге тұрып жатырмын. Жолдасым қалада жұмыс істейді. Соңғы кезде қыздарымды асыраймын деп қиналып кеттім. Күйеуіммен бірге тұрғым келеді. Бірақ, ол қиналған сәтте қасымда болмады. Қасына барайын десем, әке-шешесін де қалдырғысы келмейтінін айтады.

Осылайша, мені ауылға тастап кетіп қалды. Соның әсерінен қатты шаршап жүрмін. Енем ауырып жүргендіктен, түнімен ұйықтамай шығады. Атама да, балаларға да қарамайды. Кейде бәрін тастап кетіп қалғым келеді. Әттең, қызғалдақтарымды қимаймын. Қалайын десем, менің қалап келген өмірім бұл емес. Іштей тынып жүре беретін едім, жарылатын шағым да келіп қалған сияқты. Үйдің күйбең тіршілігі бітпейді. Жолдасым үйге екі айда бір рет қана келеді. Түнімен ауыр ойлар мазалайды. Асылып өліп қалғым келеді. Балаларымды алып кетсем, бұлардың өлмейтіні анық. Бірақ, өзіме қиын бола ма деп қорқамын», – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек күйеуінің есірткіге әуестігінен қорқып жүргенін айтып жылады

19 жастағы қыз өзін төсек қатынасына көндіретін жігітінен әбден мезі болғанын айтты

Алматылық келіншек кекілін тым қысқартып жіберген шаштаразбен соттаспақ

Қазақ қызы жігіт мен оның әйелінің ұсынысынан кейін талып қала жаздаған

Талқылау