“Келін” фильміндегі актриса: Кім ақша үшін істемейді?
Актриса Гүлшарат Жұбаева “Келін” фильміне түсуге не себепті келіскенін айтты. Ол аталған туындыдан 5 мың доллар көлемінде гонорар алған екен.
Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды.
Ермек Тұрсынов 2008 жылы қалың жұрттың назарына “Келін” фильмін ұсынды. Аталған туынды бірден жұртты елең еткізді. Бұл фильмдегі ұятсыз көріністердің болуымен байланысты болса керек. Бұдан кейін көпшілік басты рөлді сомдаған Гүлшарат Жұбаеваны аямай сынады. Алайда актриса режиссерлердің “арнайы перде болады, тәнің көрінбейді” сынды сөздеріне сеніп қалғанын айтып жатыр. Мұнымен қатар, режиссерге өзі туралы өтірік әңгіме айтқаны үшін әлі күнге дейін ренжіп жүр екен.
– Арада көп жыл өткен соң, “Келін” фильміндегі рөлің туралы не айтасың?
– Мен ол сахнаға түспеймін деп айттым. Тоқтаттым. Өзімді экраннан көріп қалып, қарсылық білдірдім. Ол кездегі Қазақфильмнің басшылары ортаға салып, “Ойлан, өйткені бұл мемлекеттік қаржыға түсіріліп жатыр. Сен әуесқой фильм екен деп ойлама. Мен – дардай сценарист, дардай режиссермін. Біз сенің алдыңда ойнап жүрміз бе? Мемлекеттің қаржысына екі ай бойы түсіп, ары қарай түспей қоятындай кімсің сен?! ” деген секілді сөздерге дейін айтылды. Маған қысым жасады деп айта алмаймын. Өйткені менде “Бұл жақсы фильм, мемлекеттің туындысы. Ол жаман болуы мүмкін емес” деген іште үміт болды. Ортасына келгенде мен өзімді экраннан көріп қалдым. “Монтаж жасаймыз, жауып қоямыз, пердесі болады” деген сияқты сөздер болды. Өзіңнің не істеп жатқаныңды білесің ғой. Қатты ашық түсіреді деп ойлаған жоқпын. Бұл жайында айтқым келмейтіні содан.
– Қай кезде сен оларға “Иә” дедің?
– Бір-екі күн ойландым. Дегенмен менің артқа қайтатын мүмкіндігім болған жоқ. Өйткені мен ауылға қайтқанның өзінде де сол күнді қайтадан басымнан кешіргім келген жоқ. Біз бір жыл уақыттай пойызда жүрдік. Одан кейін Атырау қаласына келдім. Ол жерде біреулердің үйіне қызметші болдым. Дәмханада да, дүкенде де істедім. Істемеген жерім жоқ. Тіпті, маған пәтер уайым болып, “түнде қайда қонамын?” деген күндерім болды. Пойызда қара суықты көріп келген соң, мен бейшара болып ауылға қайтқым келген жоқ. Қазір “Ой, ақша үшін істеген” деп айтатынын білемін. Кім ақша үшін істемейді? Мен ақша үшін істедім деп айтпаймын. Мұның ақшасы менің еміме кетті. Бұл фильмнен кейін қатты асқазаным ауырды. Өте қатты ауырып, тамақ іше алмадым. Қытайға барып емделуіме тура келді. Жәй осы Алматыда қалу үшін істедім.
– Қанша ақша таптың?
– Қазіргі ақшамен 5 мың доллар болар. Жақсы қаржы.
– Менің естуімше, саған осы сахналарға түсу үшін ащы су берген дейді. Сол рас па?
– Жоқ, олай емес. Бұл сөз өткен жылы шықты. “Гипноз жасаған екен” деп те айтылды. Егер маған солай жасалған болса, мен ары қарай фильмге түспес едім. Мамандар біледі ғой. Экран ешуақытта алдамайды. Мен соншалықты ащы су ішкен, мас әйел болатын болсам, ол көрініп тұратын еді. Ары қарай үдеткім келген жоқ. Бұл – режиссер мырзаның жылдар өткеннен кейін қайтадан сенсация жасау мақсатындағы пиары. Бір жағынан маған өте ауыр тиді. Өйткені қазір мен біреудің жарымын, біреудің келінімін, екі баланың анасымын.
– Ермек Тұрсыновқа сен ренжулісің бе?
– Әрине, ренжулімін. Жылдар өткеннен кейін “мен осылай түсірдім” деп мақтанып, елге болмаған затты болды деп, “Атыраудан тойда билеп жүрген жерінен алып келдім” деп өтірікті сұхбатқа араластырып бергені жарамады. Мұның қай жері өтірік, қай жері шын екенін мен дәлелдеп бере аламын. Одан кейін де біраз уақыт құжат жинадым. Мен одан басқа режиссер осы рөлге бекіткен болатын. Бүкіл актер құрамы бөлек болатын. Басында түсірілген кезде мұндай ашық сахналар болған жоқ. Жақсы түсіріліп бастады. Неге екенін білмеймін, көркемдік жетекшілер көрген соң, бірінші бөлімі өтпеді. Қайтадан актерлер ауыстырылды. Екінші рет режиссер де ауысты. Сол кезде сценарийші ретінде Ермек Тұрсынов келді. Мені және қайныны қалдырды. Қалған актердің барлығын ауыстырды.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуімен заңды түрде ажырасқаны белгілі болды
Желідегілер Луинаның ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып масқаралады (фото)
Қорғаушы: Меруерт Түсіпбаева кешірім сұрамаса, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Қытайлардың Димаш туралы түсірген қалжың видеосы әлемге тарап кетті (видео)