Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келімбетов Әзірбайжан банкіне салынған қыруар қаржыны қайтаруға уәде етті

Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған халықтың ақшасы міндетті түрде қайтады. Бұндай мәлімдемені Зейнетақы қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне енген Қайрат Келімбетов жасады. Енді миллондаған азаматтардың ақшасын Әзірбайжан банкі емес, үкіметі өтеуі тиіс, – деп хабарлайды КТК арнасы.

14248444323000k

Фото: today.kz

“Адамдардың зейнетақы ақшасы туралы уайымы осымен сейіледі деп ойлаймын. Инвестиция толық қайтарылады. Мен қарыздың оңтайландырылуына қатысып жатырмын. Бұндай жұмыста тәжірибесі бар адамдар Қазақстанда аз. Сондықтан Үкімет маған қолқа салды”, – дейді «Астана» қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қарызды банктен үкіметке жүктеу бойынша дауыс беру жақын күндері өтпек. Халықтың 71 млрд теңге зейнетақы жинағы кезінде Әзірбайжан банкіне Келімбетовтың өзінің пәрмен беруімен салынған-ды. Осы келеңсіз жәйттен кейін, Ұлттық банк енді жекеменшік зейнетақы қорларын қайтармақ ниетте. Қазір тиісті ұсыныс үкіметтің қарауында. Десе де, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры халық ақшасын бір қолда ұстау құқығын өзіне қалдырып отыр. Салымшылар қормен арнайы келісім жасап, зейнетақы ақшасын Ұлттық банк арқылы алып шығып, жекеге салады. Бас банкир Данияр Ақышев бәсекелі ортада да халық ақшасының талан-таражға түспеуін қатаң қадағалаймыз деп сендіріп отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен вице-премьер Асқар Мырзахметов сөзге келіп қалды

Ахметжан Есімов Қырғызстан президентінің ЭКСПО туралы “қызғанышына” жауап берді

Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады

Жамбыл облысының әкімі ағылшыншаны жетік меңгергенін паш етті

Талқылау