Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен бейне-конференция өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігі.

1495003994_article_b_1500_

Ведомство басшысы Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының еңбек ардагерлерінің сауалдарына жауап берді.

Қарағандылық Дмитрий Макарович Бойко еліміздегі минималды зейнетақының мөлшерін арттыру мәселесін көтеріп, өзінің есептеулерін ұсынды.

«Бізде зейнеткерлердің үштен бір бөлігі минималды зейнетақы алады. Ал егер 44 000 теңге алатындарды есепке алар болсақ, еліміздегі барлық зейнеткерлердің 45% болады. Соңғы жылдарда зейнетақы долларға шаққанда 80%-ға «арықтап» қалды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында орташа есеппен алғанда әрбір шотта 860 000 теңге жатыр. Егер зейнеткерлердің зейнетке шыққан соң 12 жылдай өмір сүретінін ескерсек, жылына 72 500 теңгеден, айына 6 000, ал күніне 200 теңгеден шығуы тиіс», – деді Дмитрий Бойко.
Өз кезегінде Тамара Дүйсенова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымдардың жалпы сомасынан қазақстандықтардың жинағының орташа сомасын есептеу дұрыс еместігін атап өтті. Себебі кей салымшылар қорға 1998-ші жылдан бастап тіркелсе, кейбірі енді ғана тіркелген.
«Сондықтан әркімнің салым көлемі әртүрлі болады. Және одан орташа соманы есептеу дұрыс емес. Бірақ мен салым мөлшерлері аз екенімен келісемін. Оған себеп – біздің елімізде жалақы жоғары емес. Алайда біз оны ұлғайтуға біртіндеп қадам басып келеміз», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ алдағы уақытта зейнетақы мөлшерінің артатыны туралы да айтты. Келесі жылдан бастап, 1998 жылы зейнетке шыққандар, сонымен қатар толық еңбек өтілі барлар, базалық зейнетақы ретінде қазір төленіп отырған 14 000 теңгенің орнына 28 000 теңге алатын болады. Осылайша зейнетақы сомасы еңбек өтіліне және жалақы мөлшеріне байланысты өмір сүру минимумынан екі немесе одан көп есе артық болады.

Тағы да оқыңыз:

Баласын аяусыз ұрған әйел не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндірді

Дауылдан көз жұмған ардагердің өліміне шатырдың иесі кінәлі деп танылуы мүмкін

Қанат Исламның бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар анықталды

Талқылау