Келесі жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болмақ
2025 жылы көлік жүргізушілерінен ақылы жолдарда жүргені үшін 60 миллиард теңге жинау жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік министрлігі Қазақстанда тағы 10 жол ақылы жолға айналады деп мәлімдеді.
"Ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын 10 учаскені ақылы ету 2025 жылдың бірінші тоқсанында енгізілуі мүмкін", – деп хабарлады департамент.
Тізімге келесі бағыттар енгізілді:
- Қызылорда – Арал (455 км),
- Ақтөбе – Мәртөк (92 км),
- Қостанай – Троицк (163 км),
- Ақтау – Бейнеу (454 км),
- Қостанай – Денисовка (169 км),
- Шу – Бурыбайтал (184 км),
- Үшарал – Достық (180 км),
- Балқаш – Бурылбайтал (91 км),
- Қандыағаш – Мақат (385 км),
- Тараз қаласының айналма жолы (57 км).
Министрлік қазіргі уақытта ұзындығы 3,2 мың шақырым 17 учаске ақылы жолдар екенін қосты. Ал биыл автокөлік жүргізушілері 48 млрд теңге төлеген.
"2025 жылға арналған кірістер болжамы 60 млрд теңге болады", – деді ведомство.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр