AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келесі Олимпиада ойындарынан каратэні алып, орнына брейк-дансты қосты

Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті сайтта бекітілген спорт түрлерінің тізімін жариялады. Комитет бұл қатардан каратэ, бейсбол мен софтболды алып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның орнына Халықаралық ойындарда брейк-данс, сонымен қатар спорттық өрмелеу, скейтбординг пен серфинг пайда болады. Бұл ойындардың соңғы үш түрін Халықаралық Олимпиада комитеті Токиода өткен Олимпиада бағдарламасына енгізген болатын. 

Ұйымдастыру комитеті бағдарламаның түпкілікті екенін және оның өзгертілмейтінін жеткізді. Комитет өз таңдауын бұл спорт түрлерінің әлеуметтік желілер мен жастар арасында танымалдығымен сонымен қоса қызыққа толы екендігімен байланыстырды. 

Сонымен бірге, Дүниежүзілік каратэ федерациясының өкілдері бұл спорт түрінің алғашқы олимпиадалық көрсеткіштерінің нәтижелері болашақта ойындар тізімінде қалуға лайық екенін айтып өтті.

"Біз бүкіл әлемге каратэнің бірегей спорт түрі екенін көрсетіп, тұрақты спорт ретінде Олимпиадалық бағдарлама қатарына енгізу үшін алған қасиеттерімізді көрсеттік. Бүкіл әлемдегі спортсүйер қауым каратэ Олимпиадалық қозғалысқа қосатын қосымша құндылықтарын сезіне алды" ,- деді WKF президенті Антонио Эспинос.

Еске салайық кетейік, каратэ алғаш рет 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының Олимпиада бағдарламасына енгізілген болатын, бұл отандық спортшыларымыз Дархан Асадилов пен Софья Берульцеваға Қазақстан үшін екі қола медаль алуға мүмкіндік туғызған боалтын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр