Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Қазақстандық жұлдыздарға қай шаш үлгісінің көбірек жарасатынын бірге таңдайық.

96

Халық алдында жүрген жұлдыздар жиырма төрт сағат бойы тыңдармандарының бақылауында болады. Тыңдармандары өнеріне тәнті болып қана қоймай, кумирлеріне еліктейді. Мұны өздері де біліп, сыртқы келбеттеріне ерекше күтім жасап, имидждері мен стильдерін жиі өзгертіп отырады. Бірде бұл әрекеттері сәтті болса, енді бірде жаңа образдары өздеріне мүлдем дерлік жараспай жатады. Олай болса, жұлдыздарға қандай шаш үлгісінің жарасатынын бірге анықтап көрейік.

Гүлназ Жоланова

Ару Маңғыстау аймағының тумасы. Халыққа “Қазақ аруы-2014” байқауының жеңімпазы ретінде таныс. Экономикалық лицейді тәмамдап, Қазақ ұлттық университетінде “география, менеджмент және туризм” мамандығы бойынша білім алған. Сұлу бойжеткен салт-дәстүрлерді берік ұстанып, тарихы мен тілін еркше қадірлейді. “Махаббатым жүрегімде” телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған. “Күнтізбе” сынды бағдарламаның жүргізушісі де болған. Тыңдармандары Гүлнәз алғаш рет кекіл кестірген кезде, оның Баян Есентаева еліктейтінін айтқан болатын. Мұндай сынға Кәмшат Жолдыбаева да іліккен-ді.

748514

Әсем Жакетаева

Қазақстандықтар бұл аруды алғаш “Superstar. kz” жобасынан көрген болатын. Сол кездің өзінде көрерменнің көзайымына айналып үлгерген. Алайда аталған жобадан кейін араға бес жыл үзіліс салып, Айлан атты есіммен сахнаға қайта оралады. Әйгілі “Вузеры” телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. “Қазақзергер” компаниясының директорына тұрмысқа шыққан бойжеткеннің бір қызы бар.

 

0258

Айнұр Ілиясова

Елімізге танымал актриса Айнұр Ілиясова 1986 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Осы күнге дейін драма, комедия, ситком жанрларындағы он шақты фильмге түсіп үлгерген. Басты рөлді сомдамаса да, актриса “Ауылдан қашу”, “Махаббат” операциясы”, “Ғашық жүрек”, “Сәбина келін” сынды фильмдерде ойнаған.

7485

Айсұлу Әзімбаева

Актриса Алматы қаласының тумасы. 2004 жылы Дубайдағы “Америкалық Университеттің” “қаржы” мамандығына түскен. 2010 жылы “Әсел және оның достары” атты телехикаяда басты рөлдердің бірін сомдайды. “Қара аққу” фильміне пародия ретінде түсірілген қысқаметражды фильмге түскен. Бұдан өзге “Ұстаз”, “Үй сарбаздары” атты ситкомдарда басты рөлдердің бірін сомдаған.

85965

Қарлығаш Мұхамеджанова

Опера әншісі Нұржамал Үсенбаева мен әйгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың қызы.  Екінші жоғарғы білім мен тәжірибені АҚШ-та алған. 2009 жылы “Лавэ” атты фильмге түскен.

7458

Луина

Әнші Луиза Каринбаева 1987 жылы 25 мамырда Ақтау қаласында дүниеге келген. Ару әжесінің қолында тәрбие алған. Өлеңдерінің мәтіні мен әнін көбінесе өзі жазады. Вокал бойынша арнайы білім алмаса да, көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

96325

Бибігүл Ақтан

Актриса өзінің мансап жолын небәрі 8 жасында бастаған. Алғаш “Жұлдызым” атты бейнебаянға түскен. Осы уақытқа дейін өзі басты рөлді сомдайтын он шақты фильмге түсіп үлгерді. Отандық “Астана – махаббатым менің” телехикаясына да түскен.

859658

Ділназ Ахмадиева

Әнші 1980 жылы 20 қарашада Алматы қаласында өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі Мұрат Ахмадиев “Яшлык” ұйғыр поп ансамблінің негізін салған. Ділназ небәрі 4 жасында “Ғажайып алма” фильміне түскен. Араға екі жыл салып сол уақытта ерекше танымалдылыққа ие болған “Көктегі көкқұтан” әнін орындаған. 10 жасында ОРТ арнасындағы 30 минуттық бағдарламада би билеп, өнерімен жұртты таңқалдырған. Қазіргі таңда әнші бірнеше тілде альбом жазып үлгерді.

74

Мәдина Сәдуақасова

Әнші Сәдуақасова Мәдина Бақытжанқызы 1979 жылы 8 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы “Жас Қанат” байқауының жеңімпазы атанып, “Жыл адамы” атағын жеңіп алған. Мұнымен қатар, “Гүлдер” президент оркестрінде өнер көрсетіп, көптеген бағдарламаның тележүргізушісі атанған. Психология саласы бойынша білім алған.

рнп

Мақпал Исабекова

Әнші 1984 жылы 21 ақпанда Алматы қаласы Жаркентте дүниеге келген. Әкесі – суретші, ал анасы – психолог. Мақпал отбасындағы үш баланың кенжесі. Жастайынан әнші болуды армандаған. Мектеп қабырғасында көптеген мерекелік шараға атсалысқан. Халыққа “SuperStar KZ” жобасы арқылы танылып, аталған сайыстың финалына жолдама алған. Қазіргі таңда Мақпал ән айтып қана қоймай, фильмдерде бой көрсетіп жүр.

589658

Баян Есентаева

Продюсер 1974 жылы 9 ақпанда БҚО-да дүниеге келген. Көп жыл қатарынан журналист болып қызмет істеген продюсер халыққа “Махаббат бекеті” фильмі арқылы танылған. Аталған фильмнен кейін де журналистика саласында қызмет істеп, тележүргізушілікпен айналысады. 2006 жылдан бастап атышулы “КешYOU” тобына жетекшілік етеді. Бүгінде продюсердің бірнеше бизнесі бар.

74588

Лидо

Әншінің лақап аты азан шақырылып қойылған есімі мен тегінің бастапқы екі әрібінен құралған. Ол өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі жастық шағында жастар тобының солисі болса, анасы хорда ән айтқан. Оның өнер жолына келуіне әкесі себепші болып, 14 жасында арнайы үйірмеге қатыстырған. Осы уақыттан бері ән айтып келеді. Қазіргі таңда әншінің жеке бутигі бар. Әншіліктен бөлек, сәнгерлікпен айналысады.

859965

Алтынай Жолдыбаева

Халық Кәмшат Жолдыбаеваны жақсы таныса да, туған сіңлісі Алтынай туралы көп біле бермейді. Алтынай ән айтпаса да, бір кісідейін театр сахнасында жұртты өнерімен тамсандыра біледі. 2015 жылы “Адасқандар” телехикаясында басты рөлді сомдады. Бастапқыда бұл рөлге Кәмшат Жолдыбаеваны шақырған екен. Әншінің түсірілімнен қолы босамағандықтан, рөл сіңлісіне бұйырған.

741258

Кәмшат Жолдыбаева

Әнші әрі актриса 1988 жылы 28 қаңтарда Маңғыстау өңірінің «Форт Шевченко» қаласында дүниеге келген. 9 сыныпты бітірген соң ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алған. Кейін өнер жолын қумақ ниетпен Алматы қаласына келіп, Қыздар педагогикалық университетінде “Ұйымдастырушы” мамандығын иеленген. 3 курста оқып жүргенде “Кешью” тобының құрамына қабылданған. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының “Эстрада” факультетіне ауысқан. “Парыз”, “Ғашық жүрек-2”, “Тракторшының махаббаты” телехикаяларында ойнаған.

258

Диана Шарапова

Әнші 1983 жылы 18 қазанда Өзбекстанның Ташкент қаласында дүниеге келген. “Негры” тобының солисі әрі өзі жеке орындаушы. 2014 жылы “Дауыс” байқауына қатысқан. Бірге туған екі ағасы бар. Ата-анасы алты жасында музыка мектебіне берген. Аталған мектепте сыбызғы мен фортепианода ойнауды үйренген. Қазіргі таңда тек Өзбекстан мен Қазақстанға ғана емес, Ресейге де танымал.

Сізге жұлдыздардың қай образы көбірек ұнады?


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жұлдыздардың шын жасы нешеде?

Қазақстандық жұлдыздар халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Тест: Қазақстандық жұлдыздарды тек көзіне қарап тани аласыз ба?

 

Талқылау