Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KEGOC басшысы Бақытжан Қажиев қызметінен кетті

KEGOC АҚ басқарма басшысы және директорлар кеңесінің мүшесі Бақытжан Қажиевтің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылды. Ол қызметтен өз еркімен кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытжан Қажиев

Компания баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, акционерлер кеңесі бойынша KEGOC АҚ басқарма басшысы болып Қаныш Молдабаев үш жылға тағайындалды. Молдабаевтың директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де уақытынан бұрын тоқтатылды. 

Сонымен қатар Ернат Бердығұлов "Самрұқ-Қазына" АҚ өкілі ретінде директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 

"Тиесов С.А және Бердіғұлов Е.К өкілеттік мерзімі KEGOC АҚ директорлар кеңесінің мерзімі аяқталған уақытқа дейін белгіленді", – деді компанияда.


"Қарапайым халық майнерлердің кесірінен зардап шегуде": Қазақстанда не себепті электр қуаты өшіріліп жатыр?


 

Назархан Уән
Бейсенбі, 25 Қараша, 2021 08:17
Талқылау