Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеден бекетінде бар ақшасы тәркіленген ана ауруханаға түсіп қалды

Ақпан айының 8-і күні Қытайдан Қазақ еліне көшіп келе жатып, бар қашасын кеденшілер тәркілеп алған жесір ана Мәуітхан Гүлжан сырқаттанып, ауруханаға жатып қалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

кеденнннн

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының «Майқапшағай» кедендік бекетінен Қазақстанға көшіп келе жатқан жесір ананың 49 900 АҚШ долларын кеденшілер тәркілеп алғанын бұрын жазған болатынбыз.

Сол кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қалтасы қағылып, ауыр жағдайға түскен Мәуітхан Гүлжан 9 ақпан күні жедел жәрдеммен Зайсан аудандық емханасынан бір-ақ шыққан екен. «Ықтияр хат» куәлігі болса да, шетел азаматы ретінде ақылы емделіп, есін жиыпты.

Айдан асқан сарпалдаң жүріс пен басына түскен ауыр қиындықтан жаны қажып, жүрегі сыр берген жесір ана қазір Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталығында» ем қабылдап жатыр. Не жедел жәрдем алмай, елордадағы біраз аурухананың есігін тоздырғанымен бұндағы емханалар да «шетел азаматы» ретінде қарап, тегін емдеуден бас тартыпты. Шекарада қағылған қалтасының түбін сілкіп, ақылы емделіп жатқан ананың қазіргі материалдық күйі де мүшкіл…

Дәрігерлер оған «жүрек қантамырлары бекітілген, жүрек талмасы болу қаупі бар» деген диагноз қойып отыр екен.

«Соған байланысты, 17 наурызда Зайсан ауданында өтеді делінген сот отырысы кейінге шегеріліп, 27 наурызға қалды», – дейді Гүлжан Мәуітханның ұлы Әділбек Мұхташ.

Оқи отырыңыз:

Айгүл Иманбаева “Сәбитпен қайта қосылды” дегендерге жауап берді

Жігер Ауыпбаев күзетші болып жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

Жұбаныш Жексен алғаш рет жұбайы туралы айтып берді

Димаш қатысып жатқан “I am a Singer” жобасы отандық телеарнадан көрсетілетін болды (видео)

 

Талқылау