Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ-да тараған пәк қыздар тізімі: Университет қызметкерлері жұмыстан шығарылды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде студенттерінің жеке деректерін таратқан кінәлілердің жазаланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Министр кейбір қызметкерлер жұмыстан босатылып, басқалары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді. Айтуынша университетке қызмет көрсететін медициналық орталықтың қызметкерлері де назардан тыс қалмаған.

"Осы тізбектегі барлық адамдар жазаланды. Медициналық орталықтың қызметкерлері де жауапқа тартылды. Бұл медициналық орталықпен келісімшартты бұзу туралы мәселе қарастырылып жатыр", - деп атап өтті ол.



Еске салсақ, бұған дейін әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейін студенттердің жеке деректерін таратқан адам медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасы жеке деректерді тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Талқылау