Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазылар алқасы орындарынан тұрып қошемет көрсетті: Димаш АҚШ-та өткен шоуда өнер көрсетті (видео)

Димаш Құдайберген қатысатын АҚШ-тағы “Әлем үздігі” шоуы басталды. Аталған байқаудың алғашқы кезеңінде Құдайбергеновтің өнер көрсеткен видеосын CBS арнасы жариялады, деп жазады Stan.kz.

Димаш Құдайберген үздік әншілер шоуында әйгілі француз әнін шырқады. S.O.S d’un terrien en détresse туындысын Димаш Қытайдағы жобаның алғашқы кезеңінде де орындаған болатын.

“Сіздер әлі Димаштың фанаты болмасаңыздар, енді боласыздар”, – делінген арнаның Facebook-тегі парақшасында.

Есімі әлемге танылған жерлесімізді америкалықтар “даусы алты октавалық адам” деп таныстырды. Ал желіде пайда болған видеодан әділ қазылардың Димашқа орындарынан тұрып, қошемет көрсеткенін байқауға болады. Олардың бірі тәнті болғаны соншалық, The World’s Best жобасының арнайы Димаш үшін ұйымдастырылғанын атап өтті.

Айта кетейік, 3 ақпан күні басталған шоуды қазақстандықтар 7 ақпан күні тамашалай алады.

Талқылау